МАЗМҰНЫ
1. Қазақ драматургиясының қалыптасуы
2. Қазақ театр өнерінің қалыптасуы
3. Қазіргі қазақ драматургиясы
4. Пайдаланылған әдебиеттер
ХХ ғасырдың басында дамыған қазақ əдебиеті толысып, озық ұлттық əдебиеттердің жанрлық салаларына жол тартып, əлемдік əдебиетке тəн құбылыс – «Қайта өрлеу дəуірін» басынан өткізді. Елді елең еткізер жаңалықтар бірінен соң бірі халықтың рухани азығына айнала бастады. Солардың қатарында роман жанрымен бірге сөз өнерінің іргелі саласы болып табылатын қазақ драматургиясының туып, қалыптасуы осының куəсі еді. Алғаш қазақ жастары арасында əдеби-сауық кеші болып бастау алған бастама соңынан ұлттық деңгейдегі драмалық шығармалардың жазылуына ұласты. Осы саланы дамытуға Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Əуезов, Қ. Кемеңгеров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ж. Шаниндер бастаған ұлт зиялылары үлкен үлес қосты. 1915 Көлбай Төгісовтің «Надандық құрбаны» драмасы жеке кітап болып басылып шықты. 1916-1917 жылдары Ж. Аймауытовтың тұңғыш үш пьесасы «Рабиға», «Мансапқорлар», «Қанафия-Шəрбану» жазылды. 1917 жылы жайлаудағы Əйгерімнің қонысында «ЕңлікКебектің» тұңғыш қойылымы көрсетілді. Міне, осылай басталған қазақ драматургиясының қадамы қарыштай дамып, бүгінде əлемдік деңгейдегі үздік шығармаларды тудырып, биік тұғырдан көрінуде. Жоғарыда айтқанымыздай қазақ əдебиеттану ғылымында поэзия, эпикалық проза, оның ішінде ерекше роман түбегейлі зерттелді. Ал драматургия жайында Ə. Тəжібаевтың «Қазақ драматургиясының очеркі», Р. Рүстембекованың «Қазақ совет комедиясы», М. Дүйсеновтың «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мəселесі», Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға», Н. Ғабдуллиннің «Ғ. Мүсірепов – драматург» сияқты еңбектері дүниеге келді. Ғ. Тоғжанов, І. Жансүгіров, Н. Львов, Қ. Қуандықов, Б. Құндақбаев О. Қайдалова, У. Садықова, А. Тоқпанов Л. Богатенкова, Ə. Сығаев, Қ. Уəлиев сияқты театр сыншыларының еңбектерінде айтылған құнды пікірлерден бастау алған сыншылық үрдіс қазіргі сыншылар еңбектерінде өз жалғасын табуда. Əлем драматургиясы мыңдаған жылдарды артқа тастап, сан ғасырлар бойында қалыптасу жолынан өтті. Ал қазақ драматургиясының тарихы бір ғасырға да толмайды. Кешегі Қазан төңкерісінен кейінгі қоғамымыздың əлеуметтік-экономикалық, тарихи-мəдени дамуы халқымыздың мыңдаған жылдық дəстүрлі фольклоры мен бай əдебиетінен, жаһан мəдениетінің орыс мəдениеті арқылы жеткен озық дəстүрлерінен бастау алып, қазақтың жаңа сапалы өнері – драматургия мен театрды дүниеге əкелді. Осының арқасында тұтас, жүйелі, жан-жақты əдеби-мəдени процесс бастау алды. ХХ ғасырда қазақ драматургиясы жалпы драмаға тəн қасиеттер мен сапаларға жанрлық құрылымдар мен пішіндерге ие бола отырып қазақ əдебиетімен, мəдениетімен бірге өсіп, жетіліп отырды. Əдебиеттің айрықша бір түрі – драматургияның негізгі нысаны театр, сондықтан театрға арналып жазылады. Драматургия – танымдық, тəрбиелік мəні зор, идеялық-эстетикалық əсері күшті өнер. Мұнда тағдырлар тоғысуы мен характерлер қақтығысын, сезімдер шайқасын көрсете отырып ерекше көркемдік құрал – диалогтар мен монологтар арқылы болмыстың сан алуан шындықтарын ашады, өмір құбылыстарына баға береді, билік айтады.
Жанр мəселесі өнертану мен əдебиеттануда өзекті болғандықтан, ерекше көңіл бөлініп, көптеген зерттеулер мен еңбектер дүниеге келді. Əлемдегі барлық халықтардың мəдениеті мен əдебиетінде де жанр мен оның түрлері мəні бар құбылыстардың қатарына жатқызылып, кең орын алады. Типологиялық тұрғыдан жанр табиғаты ұқсас, сарындас. Олар бір жерде ішкі жағдайлардың əсерінен дүниеге келсе, екінші ортада тарихи-мəдени алыс-беріс кезінде тууы да мүмкін. Бұл мəселенің бетін ашу мақсатында эстетикада əртүрлі мектептер, бағыттар болғанын білеміз. Мысалы, Аристотель «Поэзия өнері туралы» шығармасында драмалық жанрларға анықтама берсе, Буало «Поэтикалық өнер», Дидро «Драмалық поэзия туралы» еңбегі, Гегель «Шығармалар жинағы», Белинскийдің көптеген сыни еңбектерінде жанр мəселесі қозғалған. Буржуазиялық оқымыстылардың бір тобы жанрларға психологиялық, екінші тобы грамматикалық категориялар арқылы түсінік жасамақ болады. Ал кеңес ғылымы бұларға қарама-қарсы, объективті критерий ұсынады – жанрды қоғамдық, мəдениəдеби жалпы дамумен сабақтас қарап, нақты əлеуметтік-тарихи, эстетикалық-көркемдік аспектіде анықтама береді. Жанр тудыратын элементтер деп сюжет түзілісі, композиция, поэтика, бір сөзбен айтқанда, шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркемдік құралдарды айтуға болады. Бұған драмалық эмоциялық əсер беретін формаларды да қосқан дұрыс: трагедия, комедия, драма. Даму үдерісінде жанрлар бірбіріне өзара ықпал етеді, бірін-бірі байытады. Кейбіреуі жаңғырып өссе, енді бірі өшеді, өледі.
«Жанр əрқашан өзі, əрі өзі емес, əрқашан көне, əрі жаңа, жанр əдебиет дамуының əрбір жаңа кезеңінде, əрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады... Жанр бүгінгі күннің тынысымен өмір сүреді, бірақ əрқашан өз өткенін ерекше қасиет ретінде өз бойында сақтайды. Жанр – əдеби даму үдерісіндегі шығармашылық тұжырым түрінде қалады», – деп жазды М. Бахтин [1]. ХХ ғасырдың 60 жылдары жалындаған жас ғалым Р. Нұрғали өзінің жаңашыл ғылыми зерттеушілік бағытымен əдебиеттану ғылымына келіп қосылды. Ғалым қазақ драматургиясындағы трагедия, комедия, драма жанрларының ұлттық ерекшеліктерін, дүниежүзілік əдеби дамуға қосылатын белгілерін көп жылдар бойы аса бір ұқыптылықпен тексерді. Оның айғағы ретінде «Трагедия табиғаты» [2], «Талант тағдыры» [3], «Күретамыр» [4], «Өнер алды – қызыл тіл» [5], «Өнердің эстетикалық нысанасы» [6], «Драма поэтикасы» атты монографияларын айта аламыз[7].
Əдебиет əлемі жөнінде өрелі ой, орнықты пікір айтып, қазақ əдебиетінің ғылым мен сынында өзіндік сара жол салған Р. Нұрғалидың «Айдын. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі» атты монографиясы қазақ драматургиясының табиғатын, жанрлық жүйесін жан-жақты саралап зерттеген бірегей еңбек деп айтуымызға болады [8]. Р. Нұрғали қазақ драма жанрларының – өзіндік ерекшеліктерін, поэтикасын айқындаудың, олардың əдеби дамудағы орны мен маңызын ашудың өрістеу үрдісін тиянақтаудың, жанрлық құрылымдардың өзгерістерін, сонымен қатар олардың өзара байланысы мен баюын көрсетудің уақыты келгенін айта келіп, өз зерттеуінің негізгі нысанасы етіп алуға бел байлайды. Ғалым бұл зерттеуінің ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеттану ғылымындағы əдеби көркем процесс диалектикасына енуге, ұлттық жəне интернационалдық дəстүрлердің арақатынасын көрсетуге, белгілі кезеңдердегі əдеби даму заңдылықтарын ашуға мүмкіндік туғызатынына, сондай-ақ қазақ драматургиясының дамуындағы қалыптасқан дəстүрлер мен тұрақты байланыстарды анықтауға, олқылықтар мен кемшіліктерді көрсетуге, болашағын барлап болжауға жағдай жасайтынына кəміл сенеді. Əдебиет жанрлары жөнінде тұжырым жасаған академик
Д.С. Лихачев «Жанрлар түрлі өзгермелі факторлардың əсерімен қалыптасып, сан алуан қасиеттерге ие болғандықтан, əдебиет тарихы алдында ерекше міндеттер туады: жанрларды ғана емес, жанрлық саралауды тудыратын принциптерді зерттеу керек, жеке жанрларды, олардың тарихын ғана емес, əр дəуірдегі жанрлар жүйесін зерттеу керек» – дейді [9].
Ғалым академиктің осы талаптарын ескере отырып нақты шығармаларды талдап, жанрлардың оның ішінде барлық жүйелердің, даму үдерісіне зейін қояды. Р. Нұрғали драматургия жанрларын жай қағида, қатаң тұжырым етіп қана алмай, олардың қоғамдық мəдени дамуы мен сабақтастығына мəн беріп, көркемдікэстетикалық тұрғыдан баға береді. Өзі көтеріп отырған күрделі теориялық мəселенің негізгі түйінін ашуға тырысады. Р. Нұрғалидың бұл еңбегі ұзақ уақыттар бойы сарқыла зерттеу нəтижесінде дүниеге келді. Осы салада жүргізген ізденістері мен көптеген құнды ғылыми топшылаулар өз жемісін берді. Монографияда қазақ пьесалары жанрлық тұрғыдан жіктеліп, белгілі бір ретпен қарастырылады. Қазақ қаламгерлерінің алпыстан аса пьесалары ғылыми тұрғыдан зерттеліп, олардың идеялық-көркемдік қасиеттері, жанрлық-стильдік сипаттары ашылып талданады. Ғалым драмалық шығармаларды бұрынғы зерттеуші ғалымдар сияқты трагедия, комедия, драмаға бөліп, əр жанрдағы шығармаларды ішкі сипаттарына қарай бірнеше бөліктерге бөледі. Монография «Трагедиялық тартыс жəне трагедиялық характер» деген тақырыппен ашылады. Ғалым қазақ əдебиеттануында алғаш рет драманың негізгі түрлерінің бірі трагедияға жан-жақты жанрлық тұрғыдан сипаттама береді: «Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрықша жақын түрі – трагедия, өйткені бұл формада тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар, құштарлықтар мен сезімдер шайқасы, ойлар мен идеялар қақтығысы ерекше зор пафоспен, əрі реалистік тереңдікпен бейнеленеді. Классикалық əдебиеттегі трагедияларда дара тұлғаның əлеуметтікқоғамдық қайшылықтармен кереғар қайшы келуі, бітіспес күреске түсуі көрсетілген. Трагедия қаһармандары сұм заманның қатігез əдеттерімен шайқаста опат болады; олардың алдарына тас қамалдай неше түрлі кедергілер, асу бермес тосқауылдар тұрады; трагедия асқақ рухты қайсар жанның алапат күресін суреттейді. Трагедия қаһарманы теңіздей сұрапыл тебіреніс құшағында; ол өз ішіне терең бойлайды; қамырықты, қайғылы азапты хал кешеді; ке дергі, қарсылықтармен қаймықпай күреседі» [8, 12б.].
Трагедия категориясына қатысты көптеген ғылыми зерттеулер жазылып, көптеген зерделі пікірлер айтылды. А.В. Луначарский дүниежүзілік драматургия тарихына сүйене отырып, трагедияны символдық жəне реалистік деп екі салаға бөліп қарайды. Бірінші қатарға Гетенің «Фаустын» қосса, екінші қатарға Шекспирдің «Гамлетін» жатқызады. Трагедияны оқыған немесе сахнадан көрген адам орасан зор тебіреніске түсіп, сан алуан сезім толқынына
бөленеді, қапалы ой құшағына енеді. Бұл идеялық-эстетикалық əсер ету ерекшелігін Аристотель – жан ашу, қорқыныш һəм қуаныш сəттерінің шарпысуынан туған ерекше күй деп атайды.
Ғалым трагедияның тағы бір маңызды сипатына кейіпкердің үлкен қателік жіберіп, зор адасуларға ұшырайтынын жатқызады. «Бұл əлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарымқатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсатына жеткізбей мерт қылатын зауал іспетті, тағдыр мен жазмыш бұйрығы тағылеттес ерекше жағдаяттардан шығады».
Сонымен ғалым трагедияға жан-жақты жанрлық тұрғыда сипаттама жасай отырып:
«Сөйтіп, трагедия – драматургияның қаһарлы тартыстар мен адасулар шайқасы қат-қабат өмірдің обьективті қайшылықтарын терең образдар арқылы ашып, зор айқастар, үлкен күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғышері, мұң-ызасы эмоциялық-эстетикалық ғаламат əсерсен оқырманға (көрерменге берілетін, болмыстың қаны сорғалаған сұрапыл шындықтарын айқара ашып, қопара бейнелейтін іргелі жанры. Əрине, қалыпты өмірдің өзіндік тілек, талап, шарттары мен тарихи, трагедиялық тұлғаның мақсаты арасындағы күрес, конфликт, тартыс атаулының əр қоғамда, əр дəуірде, əр əлеуметтік, ұлттық ортада сан алуан форма, көрінісін тудыруы – объективті заңдылық. Трагедиялық тартыстар мен адасулар табиғатын, эстетикалық-эмоциялық əсер ерекшелігін сюжеттік материал, көркемдік-композициялық құралдар жүйесін, тақырыптық идеялық нысананы ескере отырып, қазақ трагедиясын мынадай салаларға бөлуге болады: а) эпикалық трагедия; ə) тарихи трагедия; б) адамгершіліктұрмыстық трагедия», – деп бірнеше бөлікке бөледі [8, 14 б]. Бұл жүйелеуден ғалымның драмалық шығармаларды жан-жақты терең зерттеп, жанрдың ішкі жақтарына көп үңілгеніне көзіңіз жетеді. Бұл зерделеу монографияның жаңалығы деп айтуымызға да болады.
Ғалым қазақ əдебиетіндегі классикалық үлгіде жазылып, жанр шарттарына толық жауап беретін ұлттық құндылығымыз «Еңлік-Кебек» трагедиясын алғаш рет жоғары бағалап, əдебиэстетикалық талдау жасады. Бұл шығарма ның эпикалық трагедияның барлық талабына сəйкес келетінін дəлелдеді. Алды мен ғалым М. Əуезовтің шығармашылық зертханасына тоқталып, жазушының Шекспир шығармашылығынан аударған туындыларына тоқталады.
Р. Нұрғали монографияда ғалымдар арасында бірінші болып зерттеудің жаңа ұстанымын қолданды. Бұл дүниежүзілік əдебиеттанудағы қолданылып жүрген жаңа типологиялық əдіс еді. Ғалым зерттеуге нысаны етіп отырған шығармаларын өздеріне тəн сипаттары мен ерекшіліктерін, ұқсастықтарын бір-бірімен салыстырады. Ұлттық əдебиеттің өзіне тəн ерекшіліктерін ескеріп отырады. Мұны да бұл еңбектің құндылығына жатқызуға болады.
2. Қазақ театр өнерінің қалыптасуы
Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы ХІХ ғасырдың 2-жартысынан басталады. 1859 жылы Оралда, 1869 жылы Орынборда, 1875 жылы Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 жылы Семей қаласында “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” ұйымдастырылды. Алғашқы драмалық шығармаларда Г.Д.Гребенщиков “Жақсы жігіт” пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, Н.П.Анненкова-Бернар ұлттық дастан негізінде 1908 жылы “Бекет” атты драма жазып, кейін оны сахнаға шығарды. 1911–12 жылдары Шымкент, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола (Астана), Қостанай, Петропавл, Орал мен Семей қалаларында ойын-сауық үйірмелері ұйымдаса бастады.
1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) М.О.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясы алғаш рет қойылып, оған автордың өзі жетекшілік етті. Осы қойылымда өнер көрсеткен А.Аймағамбетовты, онан басқа А.Төлеубекті, Н.Атахановты, Е.Өмірзақовты, С.Қожамқұловты, Қ.Бадыровты, Қ.Қуанышбаевты, Қ.Жандарбековты, Ә.Қашаубаевты, И.Байзақовты, З.Атабаеваны ең алғашқы театрлардың белді өкілдері, қазақ театр өнерінің аталары деп айтуымызға болады.
Қазақ театр өнерінің қалыптасу жолында Әуезов драматургиясы мен Шаниннің режиссерлік қызметінің мәні зор болды. Әуезовтың қуатты қаламынан туған “Қарагөз”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, “Абай”, “Айман – Шолпан”, “Түнгі сарын” драмалық шығармалары театр репертуарын жандандыра түсті.
3. Қазіргі қазақ драматургиясы
Әлемдік қауымдастықтағы өткеніне, бүгіні мен ертеңіне үңілген кез келген халықтың ұлттық болмысы пен ұлттық құндылықтарының өзіндік бағасын беру, сақтау, ұрпаққа жеткізу жолында өзі өмір сүріп отырған қоғамның өзекті мәселелерін әдебиет арқылы қозғауы – жалғасын тауып келе жатқан құбылыс. Ұлт тілінде жазылған әдеби шығарма – сол ұлттың, ол өмір сүріп отырған бүкіл қоғамның шынайы болмысын көрсете алатын көркем құрал. Соның ішінде М. Әуезовтың сөзімен айтқанда «қиын жанр, ең жауапты жанр және сәті келген шағында ең бір көптік жанр — драма жанры» [1]. Осы тұрғыдан драматургиялық туындылардың көркем шындықты поэтика заңдылықтарының шеңберінде жеткізудегі рөлі ерекше.
Әдебиеттегі драмалық шығармалардың өзге жанрдағы туындылардан ерекшелігі, біріншіден, оның адамзаттың рухани болмысындағы шынайы сезiм мен құштарлықты психологиялық жағынан оқырман мен көрерменнің жан күйзелiсiмен ұштастырып, заманның келелі мәселелерін барынша шынайы суреттеуiнде болса, екінші жағынан, драмалық шығармалар көркем туынды (мәтін) түрінде оқырманына әрі сахналық қойылым түрінде көрерменіне жетеді. Әрине бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Себебі, драма жанры сахна, театр үшін де, көркем туынды үшін де қажет. Сахна өнерінің қашанда қайнар көзі мен арқауы – ұлттық драматургия.
ХХ ғасырдан бастау алған қазақ драматургиясындағы туындылар классикалық әдебиет үлгілері болып саналатын құнды шығармалар. Атап айтсақ, «қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесала ры ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты» [2].Ал тәуелсіздік жылдарынан басталатын қазіргі қазақ әдебиетіндегі драмалық шығармалар дәстүр мен жаңашылдықты қатар алып, өзіндік поэтикасымен, терең мазмұнымен ерекшеленіп отыр.
Белгілі ғалым Р. Нұрғалиевтің: «қазақ драматургиясының бүгінгі жаңалықтарын, даму тенденциясын бағдарлағанда мазмұн мен форма арасындағы диалектикалық байланыс күрделілігін ерекше еске тұта отырып, бірнеше салаға жеке-жеке назар аударып, түйінді мәселелерді арнайы бажайлау шарт. Көркемдік құралдар, әдеби дәстүрлер оп-оңай, тез өзгере салуға ырық бермейді, алайда, суреткердің дүние танымы, тақырыпқа келуі, бейне жасауы бұл орайдағы құбылыстар, түптеп келгенде, болмыстың, өмірдің ағымынан жырылып, томаға тұйық қала алмайды» [3,272] деген көзқарасын назарға алсақ, дәстүр мен жаңашылдық қатар көрініс тапқан қазіргі қазақ драматургиясының даму қарқынындағы көркемдік әлем өзіндік сипатқа ие.
Қазіргі заманда драматургия мен театр күрделі уақытта өмір сүрген қазақ елінің өмірінен ерекше орын алатын көркемдік игілік, эстетикалық байлықтардың бірі [3, 384]. Бұл күнде драматургия саласында Д. Исабе ков, Қ. Ысқақов, Ә. Тарази, Т. Нұрмағанбетов, С. Балғабаев, И. Оразбаев, И. Сапарбаев өнімді еңбек етуде. Ал аға буынның ізін жағастырып жүрген қазіргі қазақ драматургиясының өкілдері С. Асылбеков, Е. Аманшаев, Р. Мұқанова, Р. Отарбаев, Е. Жуасбек, Т. Жандәулет және т.б. Дәуірдің көркемдік санасы оның өзіндік поэтикасынан көрініс табатыны белгілі. Қазіргі әлемдік әдебиеттану ғылымында поэтика мәселесі айтарлықтай қарқынды зерттелгенімен, әлі күнге дейін бұл ұғымның нақты анықтамасы жоқ. Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінде поэтикаға «поэтикалық қызметті, оның көрінісін, формасы мен түрлерін зерттейтін ғылым» [4] ретінде анықтама береді. Ал «Қысқаша әдебиеттану энциклопедиясында» поэтика – «әдебиеттің құрылымын, жанрлар мен түрлерді, ағымдар мен бағыттарды, стиль мен әдістерді, көркемдік тұтастықтың түрлі дәрежедегі қатынастары мен ішкі байланысының заңдарын зерттейді» делінген [5]. Орыс әдебиеттанушысы М. Поляков «шығарманың көркемдік мәнін құрайтын заңдылықтар, ережелер мен нормалар поэтиканың негізі» [6] десе, Я. Мукаржовский поэтика «тек шығарманың поэтикалық техникасы туралы нормативтік ғылым ғана емес, сондайақ поэтика – поэтикалық өнердің эстетикасы мен теориясы» [7] деген пікір айтады. Сонымен қатар әдебиеттанушы ғалымдар поэтика деген мәселені қозғағанда жекелеген шығармалардың, автордың, көркемдік жүйенің, жанрдың, сюжеттің, стильдің және т.б. поэтикасы туралы айтады. Бұған дәлел ретінде О. Фрейденбергтің «Поэтика сюжета и жанра», Я. Пропптың «Морфология сказки», М. Бахтиннің «Проблемы поэтики Достоевского», Н. Рымарьдің «Поэтика романа» сияқты еңбектерін атауға болады.
Қазақ әдебиетінде көркем туындылардың поэтикасына, соның ішінде драма жанрын жанжақты әрі терең зерттеу жүргізген З. Ахметов, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Р. Нұрғалиев, Б. Майтанов, Т. Есенбековтың, Т. Тебегенов, А. Зекенова, Р. Сұлтанғалиевалар – ұлтты қәдебиеттануда көркем шығарманы поэтикалық тұрғыдан зерттеудің әдіснамалық үлгісін ұсынған ғалымдар.
Жалпы поэтиканың негізгі категориясы – жанр, себебі кез келген туынды белгілі бір жанр формасында ғана көрінеді. Қазіргі таңда әлемдік әдебиетте, соның ішінде қазақ әдебиетінде драматургия жанрларының поэтикасына қатысты зерттеулердің өзектілігі байқалады. Драматургиялық жанрларға қатысты мәселелердің шешімін табуда ең алдымен Аристотельдің «Поэтикасы» өз үлесін қоса отырып, драма теориясын, оның әрбір элементінің функционалдық сипатын тұжырымдады. Бұл тұрғыда Аристотель поэтиканы поэзия туралы ғылым деп санай келе, көркем туынды «тұтас», «әсер қалдыратын», «пропорцияға» және «үндестікке ие» болуы керек деді. Аристотельден кейін жанрлық поэтика туралы пікірлер С. Д. Балухатомға тиесілі. Ол поэтиканы «жанр техникасы», яғни мінездердің, композицияның құрылымы, диалог жүргізудің ұстанымдары дей келе, осы аталған ерекшеліктердің барлығы жанрға байланысты түрленіп, жаңарып отырады дейді [8].
Әдеби туындының ішкі әлемі, оның құрамы мен құрылымы өте күрделі. Автордың көркемдік әлемі мен әдеби кеңістікті тұтастықта зерде леу – оның поэтикасын талдау. Демек, поэти ка – осыған дейін әдебиет теориясы ұғымымен бара-бар деп түсінілсе, қазіргі таңда әдебиет теориясының бір бөлімі, әдеби шығарманың теориясы, әдеби туындының көркемдік құралдары, тілдік, композициялық, типтік құрылымы, түрі, жанры туралы ғылым деген анықтама беріліп отыр.
Қазіргі қазақ драматургиясының шеңберіне тәуелсіздіктің тұсынан бүгінгі күнге дейінгі жазылған туындыларды қарастырамыз. Ал дәл осы кезең – ғасырлардың тоғысына сәйкес келетін, дәстүрдің жаңашылдықпен үндескен кезеңі. Кейіпкер болмысын танытудағы психологизмнің қызметі, көркем шығармадағы баяндаудың жолдары, суреттеудің жүйесі, көркем мәтіннің семантикалық, стилистикалық құрылымы жайындағы ізденістер – қазіргі қазақ драматургиясының жанрлық сипатын айқындайтын параметрлер.
Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді [2]. Осы тұрғыдан драмалық шығармалардың заманауи-гаманитарлық ойлаудың бір тармағы ретінде қоғамдық пікірге белсенді қозғау салуда рөлі ерекше.
Қазіргі қазақ драматургиясының поэтикасын талдағанда ең алдымен жанр мәселесіне тоқталу керек. Заманауи драматургияның жанрлық сипаты өзіндік ерекшеліктерге ие. Онда абсурдттық драмадан трагедияға дейінгі аралықтағы түрлі жанрлар қамтылғанын байқаймыз. Комедиялық, трагокомедиялық, мелодрамалық жанрдағы туындалар артып келеді.
Қазіргі драмалық шығармалардың жанрлық ерекшелігі, біріншіден, көркем шындық пен бейнелерді жинақтап сыйғызатын пьесалардың ықшам көлем-мөлшері, екіншіден, пьесалардың әдеби-поэтикалық болмысын танытатын кейіпкерлердің диалогтары мен монологтарының өрнектері, үшіншіден, кейіпкерлердің қимыл-әрекеттерінің – тартыс-қақтығыстарының шынайылығы. Осымен байланысты қазіргі драмалық шығармалар реалистік идеяға негізделген деуге болады.
Драма жанрында баяндалатын оқиға, яғни тартыс желісі кейіпкер сөзі арқылы өрбиді. Қаламгер шығарма кейіпкерлерінің ісәрекеттерін білдіретін түсініктемелерді жақша ішінде береді. Мұндай белгілерді авторлық ремарка деп атап жүр. Оқиға желісінің негізгі даму барысы болып саналатын шығарма кейіпкерлерінің сөзі, яғни репликалар, негізінен диалог, кейде монолог түрінде беріледі. Кейіпкер сөздері жинақы болып келеді де, онда сөйлеушінің мүддесі мен сезімі, терең сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылады. Кейіпкерлер сөзі өлең формасын да да, қара сөз формасында да алына береді. Қазіргі драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға желісі мен тaртыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық тұрғыдан драмалық шығармадағы оқиғаның желісінің басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Қазіргі драматургияға тән ерекшелік – кейбір шығармалар мұндай классикалық үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі драма жанрында жазылған туындалырдың басты ерекшелігі күнделікті тұрмыстың әр түрлі құбылыстaры жaн-жaқты бейнеленеді. Сaн aлуaн тaртыстaр дрaмaлық aуыр шaйқaстaрғa сaлып, оның рухaни aдaмгершілік қуaтын сынaп көреді; aлғa қойғaн мaқсaт, белгілі нысaнa үшін күресу үстінде aдaмдaр мінезінің неше түрлі қырлaры aшылaды. Уaқыт, зaмaн тaлaптaры, әлеуметтік шaрттaр қaлыптaстырғaн нормaлaрды бұзу, шеңберден шығып, шекaрaдaн өту секілді қaһaрмaндaр әрекеті тaртысты, психологиялық ситуaциялaр тудырaды.
Сондай-ақ қазақ драматургиясының бүгінгі даму үрдісіндегі ерекшеліктердің бірі – адам психологиясын, ішкі жан сарайын ашуға, түсіндіруге деген ұмтылыс. Осындай бағыттағы әдеби туындылардың бірі – ЖолтайӘлмашұлының «Жапон аруының арманы» атты екі актілі новеллалық пьесасы. Шығармада баяндалатын оқиға Астана қаласында және қала сыртындағы кішкене бұлақ басында өтеді. Туынды авторы шығарманың сахналық нұсқасы үшін режиссерге құлаққағыс ретінде берген алғысөзінде шығармадағы негізгі идеяны айқын көрсетеді, яғни «халықтар мен ұлттар достығын әуелете ұрандату емес, осы күнгі қазақ елінің әлемдік өркениетке қол созғанын, кез келген дамыған елдермен терезесі тең дәрежеде сөйлесіп, пікір таластыра алатынын баян ету» және «ХХІ ғасыр індеті – экологиялық апатты, оның не себепті және қалай өріс алып келе жатқанын дәлелді себептермен ашу» [9, 74] – әдеби туындыны жазудағы негізгі мүдде.
Оқиға желісі прологпен – Астана қаласындағы ғылыми зертханадағы қызметкерлердің өзара қызу талқысынан басталады. Мұсаханның әңгімесіне құлақ қойған жас ғалымдар Қазанаттың өміріне аяныш білдіріп, оның жаңа ортаға – үйірге келіп қосылғандағы жай-күйіне алаңдаушылық білдіреді. Бірақ Мұсахан әңгімесінің соңы аяқталмай, барлығы жиналысқа асығып шығып кетеді де, шығарманың «идеялық» кейіпкері Тәукенің сөзімен аяқталады.
Шығарманың сюжеттік-композициялық желісі бойынша бірінші актінің бірінші көрінісі қаладағы мейрамханаға жиналған жастардың отырысы арқылы басталады. Кейіпкерлер диалогынан бұл отырыстың себебі айқындалып, Нұрмұхан мен Меңжан махаббаты Қозы мен Баянның махаббатына теңеліп, оқиға өрби түседі.
Оқиға одан әрі отырыстан кейінгі жастардың жапон әртістерінің қойылымын тамашалау үшін театрға баруымен жалғасады. Осы тұста тағы бір кейіпкер – жапон әртіс қызы Алеко театр сахнасында оқыған монологымен танылады. Алекоға Меңжанның сүйіктісі Нұрмұханның ғашық болып қалуы оқиға желісін шиеленістіре түседі. Тартыстың әрі қарай театрдан шыққан жастардың отырысындағы оқиғалармен жалғасады. Нұрмұханның Меңжанға деген сезімінің аз уақыттың ішінде Алекоға ауып кеткендігін кейіпкерлердің барлығы байқайды. Алеко үшін де Нұрмұхан жақсы жағынан көрініп, ол оны жақын тануға ұмытылады. Театрға дейінгі Меңжанның туылған күніне арналған отырыста барлығы, соның ішінде Меңжан Нұрмұханнан ән орындауын сұрағанда, ол көптің тілегін қабыл алмай, тек Абайдың қара сөзінен үзінді оқып береді. Тіпті отырыстан кейін театрға бару ұсынысы тасталғанда, ертеңгі жұмысын сылтау етіп барғысы келмеген Нұрмұханның театрдан кейін тағы бір жерге отырыс ұйысдастыруға қарсы еместігі, екінші отырыстағы Нұрмұханның Алекоға деген көзқарасы – оның ыстық сезімі мен құштарлығын көрсетеді. Алдыңғы оқиғалардан Нұрмұханның Меңжанмен қарым қатынасында бір мәжбүрліктің барлығы байқалады. Кейін бұл ертеңіндегі оқиғамен дәлелдене түседі. Шығарма желісінде Нұрмұхан, Жомартбек, Ясу микробиолог ғалым ретінде үлкен жаңалық ашуды көздеп, Семей полигонының орнына қияр мен поми дор егіп, тәжірибе жасап жүреді. Суреттелетін оқиғаның ертеңіне олар сол аймаққа жолға шығып, тәжірибелік қияр мен помидорды жинап алуы керек болады. Бірақ оқиғаның шиеленісуі олардың осы мақсаттарының орындалмауына алып келеді. Алеко мен Нұрмұханның бірге кетуі, оларды іздеп келген Жомартбектің Нұрмұханға айтқан сөздері шығарма желісінің негізгі идеясын, проблемалық тұстарын айқындай түседі. Алекоға көңілі ауған Нұрмұхан енді Меңжанды қайтпек? Олардың үлкен зерттеу жобасына бірден-бір ықпал етіп отырған адам – Меңжанның академик атасы. Бір жағынан Жомартбек Нұрмұханға егер Меңжанмен аралары үзілсе, бүкіл жобамыз, мақсатымыз, еңбегіміз зая кетеді деп түсіндіріп әлек. Екінші жағынан Нұрмұхан досының Алекоға деген сезімінің бір сәттік, алдамшы екендігін ұғындыра алмай әлек. Бірақ сезімді мақсаттан биік қойған Нұрмұхан Жомартбектің сөзіне тоқтай қоймайды. Осылайша Жомартбек бүкіл мақсаттарының күл талқаны шыққанына, ертеңіне алаңдаушылық танытады. Бұл ретте осы шиелініскен тұста екі жақты мәселе көтеріледі. Біріншіден, бүгінгі махаббаттың есепке құрылатынын меңзесе, екінші жағынан Жомартбектің «Осы біз, қазақтар, неге бір істі бастап алып, аяғына дейін жете алмаймыз... Сөйтсем бәрі де мінезде жатыр екен, Былқылдақтық...», «Біз әуел баста мақсатты дұрыс қоя білмейтін халықпыз. Бәрі де жол жөнекей шешіледі. Жол-жөнекей айқындалады» деген сөздері арқылы осы заманғы қазақ арасында кең жайылған келелі мәселені көтеріп тұр.
Әрі мақсатына жетуді көздеп, әрі досының жағдайын ойлаған Жомартбек қулыққа көшіп, Алеко мен Нұрмұханның қайта кездесуіне кедергі болады. Бірақ тартыс шешімі кейіпкерлердің барлығының кездесіп, ой бөлісуі арқылы табылады. Осы тұста ұлттық сезім, ұлтаралық неке, махаббат сезімі, жеке мақсат, мүдде, экологиялық зардап пен жан дүниенің тоқырап, бүлінуі сияқты мәселелердің түйіні кейіпкерлер диалогы арқылы көрініс береді.
Қазаққа келін бола алмайтынын түсінген, ұлттық сезімді махаббат сезімінен биік қойған жапон қызы Алеконың арманы – адамдардыңішкі жан тазалығы, жанның тазалығы экология салдарынан зардап шеккен тән саулығынан да маңызды екендігін ұғыну, соған жету.
Драматург шығарма прологында баяндайтын Қазанатпен байланысты оқиғаның басын бастап, соңын эпилогта аяқтауының өзінде үлкен астар бар. Қазанат образын деталь ретінде ала отырып, автор әр ұлттың өкілі өз атамекенінде, өз ортасында өмір сүру керектігін, олай етпеген күнде «үйіріне үйрене алмай жан тәсілім етеді» дегенді жеткізеді.
Шығармадағы кейіпкер Тәуке – сырт келбеті құбыжық тәрізді болғанмен, ақыл-есі түзу адам. Автор Тәуке образын әр көріністің аяғында сахнаға алып шығып отырады да, негізгі түйінді кейіпкердің сөзімен бірде ашық, бірде астарлы түрде жеткізеді.Тәуке негізгі кеңістік ретінде алынған зертханасындағы зерттеу нысаны ретінде жүреді. Оның тәніндегі бұзылыстарды зерттеп жатқан Нұрмұхан мен Жомартбек сияқты жас ғалымдарға Тәукенің реніші бар. Тәуке болып жатқан оқиғаларды сырттай бақылай отырып, адам терісінің тыртығын зерттеген ше, ең алдымен адамның ішкі жан дүниесіндегі бұзылыстарды зерттеп, солардың емін табуға неге ұмтылмайды деген сауал тастайды.
Шығармадағы оқиға барысы кейіпкерлері Нұрмұхан мен Жомартбек, Нұрмұхан мен Меңжан, Нұрмұхан мен Алеко және Мұсахан, Ясу, Гүлжан, Тәуке арасындағы диалогтар арқылы өрбиді.
«Кез келген көркем шығармада автор өз ойын кейіпкердің пікірі, көзқарасы, сөз саптауы арқылы береді. Ал бұл жайт драмалық шығармаларда кейіпкерлердің диалогы арқылы іске асады. Сондықтан да драматургиялық шығармалардағы жауап алмасу мақсатындағы диалогтар қысқа да нұсқа, ұтқыр ойға құрылатындықтан, нағыз шеберлікті талап етеді. Драматургия жанрының қиындығы да осында [10, 246]. Ғалым А. Тымболованың осы пікіріне сүйенсек, көркемдік әлем тұтастай кейіпкерлердің тілі арқылы жасалады. Автор шығарма идеясын негізінен Нұрмұхан, Алеко және Жомартбек арқылы жеткізеді. Шығармада бүгінгі күннің шынайы көріністері айқын байқалады, оның барлығы кейіпкерлер сөзінен көрініс табады.
Тәукенің мына сөздері шығарманың басты идеяларын айқындайды:
«Осылар... осылар үнемі асығады да жүреді. Не бітіріп жатыр екен сонда? Қоғам мынау... Адам мынау... Бүлінбеген не қалды бұл тірлікте... Бүлінбеген не зат бар!...»
«Өмір спектакль дедің бе? Ол не? Махаббат хикаясы ма? Оны кім жазбады?! Кім сахнада ойнамады. Ал мықты екенсіңдер, сырты құбыжық, іші мұнтаздай тап-таза адамды ойнаңдаршы. Ойнай аласыңдар ма?».
«Мәселе терідегі тыртықта ма? Жоқ, жан дүниедегі тыртықты неге көрмейді бұлар! Неге соны білгісі келмейді...».
Жазушының бұл шығармасыпсихологиялықлирикалық тұтастықтағы драмалық сипаты мен ерекшеленеді. Қаламгердің драмалық пьесаларының сюжеттік-композициялық желілерін тұтастырып, әуелі оқырмандарын одан кейінгі көрермендерін баурап отыратын поэтикалық және лирикалық-психологиялық сарынды, романтикалық-реалистік әуенді тұтастық. Драма кейіпкерлерінің әрқайсысының әрекеті, рөлі өзіндік бір реалистік мақсатқа негізделген. Заманның ең бір осал тұсына айналған полигон зардаптарының көрінісі ретіндегі адам тәніндегі өзгерістер оның жанындағы тоқыраумен салғастырыла беріледі. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған сәтінде экологиялық апаттың салдарын жоюға ұмтылу өзекті екендігін баяндау, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қайшылықтар, «Қозы мен Баян» махаббатының бүгінгі көрінісі, ұлттық сезімнің махаббат сезімінен биіктігін жеткізу – шығармада көтерілетін басты мәселе. Сондайақ автор қазақ жастарының шетелдерден білім алуы, көптілділігі, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
жырының қырық нұсқасы барлығын кейіпкерлер сөзі арқылы баяндайды.
«Жапон аруының арманы» шығармасында автор түрлі көріктеуіш құралдар арқылы өзіндік идеясын ашық түрде де, астарлы түрде жеткізе білген.
Алеко: Қазақтың қызы қазаққа ғана ибалы келін бола алады.
Нұрмұхан: Ал өркениет, Жаһандану?
Алеко: Оның бәрі де ұлттық сезімді өшіре алмайды.
Гүлжан: Өмір деген – ақ пен қара тартысы. Алеко: Зұлымдық – ауқымы кең өрт.
Дәл осы диалогтардан жапон қызының арманын айқын көруге болады.
Шығармадағы аса байқала қоймайтын, тіпті кейіпкерлердің өздері де сөздеріне мән бермейтін кейіпкер – Мұсахан. Оқиғаның шешімін табар тұстағы Мұсаханның «Махаббат та, сүйіспеншілік те – бәрі жан тазалығына келіп тіреледі.Алдамшы сезім – ол шынайы махаббатқа бастаған емес. Адам жанының тазалығы – асыл қазына» деген сөздері тартыстың шешіміне апарады. Түптеп келгенде, Жолтай Әлмашұлының «Жапон аруының арманы» пьесасы көркем шындық поэтикасы өрнектерімен оқырмандар мен көрермендердің қабылдау ықыласына кенелген көрнекті туынды.
Тәуелсіздік тұсынан бүгінгі күнге дейінгі қазақ әдебиетіндегі қай драматургті алсақ та, пьесалардыңкез-келгеніналсақта, заманғалайық кейіпкерлердің шынайы бет бейнесін көреміз. Өйткені қазіргі драмалық пьесалардыңбәрі сахнағалайықталыпжазылады. Тәуелсіздікалғаннан кейінгі бүгінгі қоғамда жазылған пьесалардан әрдайым заманның бейнесі сезіліп тұрады. Қазіргі драматургиядағы көркемдік әлемнің өзіндік ерекшелігі деп те осы қырын айтуға болады. Еліміз егемендік алған жылдан бері театр репертуарындағы тарихи қойылымдар, драма, трагедия, комедия жанры ерекше дамып келеді. Сол жеткен жетістіктердің арасында жоғарыда талданған Жолтай Әлмашұлының да алар орны зор. Қорыта келгенде, қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің драматургия саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді.
Ресей отаршылдығы, оның заңды жалғасы Кеңестер одағының халқымыздың жадына салған жарақаты тереңде. Одан айығудың жолы тәуелсіз қазақ елінің жаңа буын азаматтарын өсіру. Аға ұрпақ санасында сақталып қалған сызатты тегістеп, келешегіміз - жастар бойында елі мен жерін сүйетін, отаны мен халқының өсіп өркендеуіне тірек болатын жаңа формациядағы ұрпақ тәрбиелеу. Мұндай мемлекеттік деңгейдегі маңызды іс-шарадан отандық театр өнері шет қалған жоқ. Осыдан 25 жыл бұрын алған Тәуелсіздігіміз бұл бағытта қазақ театрының жаңа тынысын ашты.
Елбасымыз Н.Назарбаев тәуелсіз еліміздің театрларын дамыту мәселесіне үнемі назар аударып, бұл саладағы маңызды міндеттерді нақты көрсетіп келеді. Тәуелсіздік жылдары елімізде 14 драма және музыкалы драма театрлары, 2 опера және балет 2 би театрлары ашылды. Театрлардың басты міндеттері, репертуарын көркемдік сапасы жоғары жаңа пьесалармен қамтамасыз етуді Елбасы ылғи назарда ұстады. Осыған орай, 2009 жылы cәуір айында Алматы қаласында өткен театр қайраткерлерімен кездесуінде: «Отандық театрлардың репертуарына тәуелсіздіктің биік талаптарына сай, осы заманғы тақырыптарға жазылған, көркемдік сапасы жоғары жаңа пьесаларды көптеп алу керек» [1] деп атап айтқан еді. Одан кейін де Елбасы бұл мәселені тұрақты көтеріп театр мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Себеп, еліміздегі 60-қа жуық театрларымыздың шығармашылық тынысы Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық, әлеуметтік, саяси өмірімен біте қайнасқандығы. Әлемнің алдыңғы дамыған елдерінің қатарына жетістіктеріне тек экономика, бизнес, басқару, медицина, білім беру саласында ғана көріну емес, елі мен халқының рухани әлемі өскен, озық мәдениеті қалыптасқан халық ретінде баруын назарда ұстағандығы.
Тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқы өзінің ұлық тұлғаларының айтулы мерейтойларын үлкен саяси мәні бар іс-шараларға ұластырып халықаралық деңгейде атап өтуге қол жеткізді. Бұл мерейтойлар халықаралық ЮНЕСКО ұйымы шеңберінде тойланып, театрларында оған белсенді қатысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өткізілген қаламгер-драматург Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдығына (1992), Абай Құнанбайұлының 150 жылдық (1995), Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық (1996), М.Әуезовтің 100 жылдық (1997), Махамбеттің 200 жылдық (2004) т.б. мерейтойларының заңды жалғасы болып өткізілген театр фестивальдері ұлт драматургтерінің тың дүниелерін сахнадан көрсетті. Халқымыздың аяулы ұлдары мен қыздарының ұлық тұлғаларын сан қырынан ашып, терең тани түсуге жол ашты.
Мәңгілікке мызғымастай болған Кеңестер Одағы тоқыраудың торына шырмалып, өліара шағына жеткенде, 1985 жылдың сәуір самалымен келген жариялық алып империяны астан-кестен етті. Халықтың өткен тарихы мен бүгіні, бұрын қатаң тыйым салынған көптеген ақтаңдақтар ашылып, үлкен жаңалық болып халықтың мүлгіп кеткен санасын оята бастады. Ал, 1986 жылы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасы жасаған дүмпу ұлтқа серпіліс беріп қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылысының жарқын көрінісі, жаңарудың басы болып тарихта қалды. Қоғам өміріндегі басталған жаңару еліміздің барлық театрлары сахнасында әр түрлі деңгейде көрініс тапты. Оның бәрін түгендеуге еліміздің бас сахнасы ретінде танылған М.Әуезов атындағы Академиялық қазақ драма театры мен Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық Балалар мен жастар театрлары ұжымдардың репертуары мысалынан қарастырамыз. Сахнадан көрсетілген сүбелі қойылымдар еліміз өміріндегі ерекше мәнге ие мәдени құбылысқа айналды.
Қазақ драматургтары уақыт талап еткен өткір тақырыптарға батыл назар аударады. Театр көрермендері тарапынан болатын сұраныстың алдында болуға тырысып бақты. Драматургтерді қамшылай отырып театрлар көрермен қажет еткен тақырыпты тауып қоюға бет бұрады. Таза драматургия жанры кешеуілдеп жатқанда прозалық, поэзиялық шығармалар негізінде жасалған сахналық түзілім – исценировкалар қажетке жарап сахнада сұранысқа ие тақырыптар жиі көрініс береді. Қ.Мұхамеджановтың «Біз періште емеспіз» (режиссері Ә.Мәмбетов), Р.Сейтметовпен қаламгер Ш.Мұртазаның тандемінде Қ.Ысқақ сахнаға лайықтаған «Қызыл жебе», «Сталинге хат» (1988), «Бесеудің хаты» (1989) драмаларын сахнаға шығарды [2]. Бұл спектакльдер ел тарихының ең бір күрделі де қиын сәті – ХХ ғасырдың қазақ халқының тағдыры мен өткен тарихына істеген қиянаты, оның қазақ жеріндегі жасаған қанды саясатына деген көзқарасын қалыптастырды. Театр залын көрерменге толтырған, шығармашылық ізденісі мол, үлкен жетістіктер жылдар болатын. Бұл қойылымдар қоғам өмірінің қаны сорғалаған өзекті тақырыптарын, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін өткір көтерген, көрерменге ерекше ой салған спектакльдер болғанын атап өтеміз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ театры орталық Мәскеу, Ленинград т.б. театрларымен бұрыннан келе жатқан тығыз шығармашылық байланыстардың үзілуіне байланысты қай бағытта жылжуын білмей абдырап қалған болатын. Алайда уақыт талап еткен қойылымдар театр сахнасынан аз аздан көрініс бере бастайды. Олар: Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» (1991), Ш.Мұртазаның «Жетім бұрыш» (1992), С.Асылбековтың «Рабиғаның махаббаты» (1992), С.Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер»(1992), Иран-Ғайыптың «Желжуан» (1993), Ә.Таразидің «Індет» (1994), Б.Мұқайдың «Өмірзая» (1994, 2003), Қ.Ысқақтың «Жан қимақ» (1995), Б.Римованың «Қос мұңлық» (1991), «Абай десем...» (1995), режиссер Ә.Рахимов сахналаған А.Сүлейменовтың бірнеше бөлімнен тұратын триптихы «Төрт тақта – жайнамаз» (1989) «Жетінші палата» (1993), «Қыздай жесір – штат қысқару» (1994), «Кек» (1998), Т.Ахметжанның «Кебенек иген арулар» (1996), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» (1996), М.Мақатаев «Қош махаббат» (2003), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», (2004) спектакльдері [3] қоғам өмірінің қаны сорғалаған өзекті тақырыптарын, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін көтерген, көрерменге ерекше ой салған спектакльдер болғанын атап өтеміз.
Кезінде бірнеше мәрте кеңестік жазалау машинасының құрбанына айналған Алаш қайраткерлері ақталып, олардың шығармалары сахнадан көрсетіле бастады. Бұл, есімдерін ауызға алуға, туындыларын оқуға тыйым салынған тұлғалардың өздері мен олардың ұрпаққа қалдырған мұралары алғаш рет сахнаға шықты. Олар Мағжан Жұмабаевтың «Күн шығады да, батады»(1993), «Шолпанның күнәсі» (1997), «Батыр Баян» (2004), Бейімбет Майлиннің «Сабатажж!» (1999), Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» (1990), «Ғашықтық дерті» (2001), Д.Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» (2014) т.б. Қазақтың 70 жылдан аса кеңестік құрсаудан босай бастаған кездегі өзінің тарихын тануға, кешегі ел үшін еңіреген боздақтарының қайғылы тағдырын білуге деген ұлт театрының алғашқы талпыныстары болатын. Осы спектакльдер балалар мен жастар театрының залын көрерменге толтырған, шығармашылық ізденісі мол, үлкен жетістіктер жылдар болатын. Екіншіден, бұл қаламгерлер шығармашылығын көрерменге насихаттау, есімдерін халқымен қауыштыру, олардың өшпес рухы алдында жасалған құрмет болатын.
Еліміздің тәуелсіздік алуы бізге өз тарихымызды өзгелер емес, өзіміз айтуға, өзіміз жазуға мүмкіндік берді. Бұл үлкен жетістігіміз. Театр сахнасына қойылған тарихи тақырыптағы спектакль, қалам тербеген драматургтеріміздің басым бөлігі ерлік пен жеңіске толы өткен тарихымызды, Отан сүйгіштік, елдің тұтастығын сақтау, бірлікке дәнекер болу тұрғысынан жырлады. Алдымен халық жадында мәңгілікке сақталған тарихи тұлғалар жайлы пьесалар назар аудартады. Бұл тақырыптар мен тарихи тұлғаларымыз кеңестік идеологтарының ерекше назарында болды. Сахнаға тарихи шындық мөлшерлеп, белгілі бағытта қажетті деген көзқараспен ғана берілетін. Осындай тосқауылдардан кейін Тәуелсіздік арқасында тарихымызға үңілу көрерменді ерекше қызықтырған, әрі театр сахнасына өздігінен сұранып тұратын тақырыптарға айналды. Ол туындылар көрермен жүрегінің түкпірінен орын тауып, көкірегіне жатталып қалды. Бұл қойылымдар атаулары бәріміздің есімізде. Олар: И.Оразбаевтың «Шыңғысхан» (1994), «Мен ішпеген у бар ма?, М.Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндері» (1996), М.Әуезов пен Н.Оразалиннің «Қилы заман» (1997, 2012), Ә.Кекілбайдың «Абылай хан» (1998), Иран Ғайыптың «Естайдың Қорланы» (1999), Шахимарданның «Томирис» (2000), Қ.Ысқақ пен Шахимарданның «Қазақтар» (2006), Д.Исабековтың «Жаужүрек» (2011), И.Сапарбайдың «Қыз мұңы» (2011), Иран Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?», Ә.Рахимовтың «Шәкәрім» (2012), Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» (2013), Д.Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» (2014), Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі» (2014), Ш.Мұртаза-Е.Жуасбектің «Ай мен Айша» (2015), І.Есенберлин–Ә.Бағдаттың «Алмас қылыш» (2016), М.Омарованың «Ақтастағы Ахико» (2016) қойылымдары [4].
Сөзсіз, бұл туындылардың әр қайсысы тарихымызға жаңа көзқарас қалыптастырған маңызды шығармалар. Әдебиет пен өнердің тарихты зерттейтін ғылымының алдына түсуі жайлы, жазушы-драматургтің тарихшы ғалымнан бұрын мәселе көтергені жайлы қоғамдағы қызу пікірталастарға ұласуы осы кезеңнің шындығы. Бұлтартпастай деректер мен дәлелдер келтіріп шынайы тарихымызды жазуды тарихшы ғалымдардың еншісіне қалдыра отырып көрермен қазір білуге тиіс, халық жадындағы айтулы оқиғаларға толы белестерді тарихи-көркем шығармалармен көрерменге жеткізу орынды, театр өнерінің бұрыннан қалыптасқан жолы деп болатын. Бұл бағытта отандық театралар өздерінің танымдық, ағартушылық міндеттерін толық орындай алды деп білеміз. Десекте, театрларымыз бен драматургияның әлі қаузайтын, көтеретін толық ашылмаған қызықты тақырыптары жетерлік.
Бірақ, осыншама пьесалар жазылып қойылғанына қарамастан театр мен драматург арасындағы тандемінің ылғи бастары бірікпей өзара кінәраттар артумен келеді. Бұл қарым-қатынаста екі жақтың да айтар уәждері, өзара қояр шектер мен шарттары бар. «Қазақ әдебиеті» газетінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі санында Қазақстан жазушыларының Х сьезіндегі драматургия жанры бойынша жасалған баяндамада белгілі қадамгер Сәкен Жүнісовтің «пьесаны үлпілдетіп асырап сақтаған – қалыңдық қызға, драматургті – оның тілекшіл әкесіне» теңей отырып, «-Бүгінгі күні театрлардың пьесаға құдалыққа түсіп, қалың беруі де азайып кетті. Сор маңдай әкенің әр театрдың есігін қағып, «қалыңдықты» ала гөр деп, қызын өткізе алмай жүргендері де жиі ұшырасады» [5 ]- дейді. Шынында да бұл драматургия үшін қиын кезең болды.
Елбасымыздың 2000 жылды Мәдениет жылы деп белгілеуінен кейін жағдай өзгере бастады. Араға бірер жыл салып 2009 жылы Мәдениет министрлігі алғаш жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» бәйгесінің қоржынына 46 пьеса түсіпті. Керемет көрсеткіш. Ұлт драматургиясының дамуына серпіліс берген осы бәйгенің ұйымдастырылуы жаңа драмалық шығармалар жазылуына соны серпін берді. Бәйге қорытындысы бойынша бас жүлдені Д.Исабековтың «Жаужүрек», екінші орынды Ж.Әлмашұлының «Жапон аруының арманы» мен Н.Ораздың «Адасқан жұлдыз», үшінші орынды И.Оразбаевтың «Портмоне» мен Т.Жандәулеттің «Жұбай саудасы» пьесалары иемденеді. Ал 2011 жылығы кезекті «Тәуелсіздік толғауы» байқауының жеңімпаздары қатарында бас жүлдені Т.Әбдіктің «Ардагері», бірінші орынды Ә.Рахимовтың «Шәкәрімі», екінші орынды М.Қожахметованың «Көшім хан - Сүзге» пьесасы, үшінші орынды Ж.Әлмашұлының «Ай астындағы алтын шаһар» иемденеді. Арада өткен 5,7 жылда осы жіңімпаз атанған 9 пьесаның сахнаға қойылу мәселесіне келсек драматургияның жазылуы бар да сахнаға қойылуы жоқ. Пьесаға қомақты қаражат бөліп жүлде алған санаулы шығармаларды сахнаға қою тетіктері ойластырылмай назардан тыс қалған. Бұл біздің кеше мен бүгінгі халымыз. Біздің есебімізше осы бәйгелерді алған жеңімпаздарының ішінен Д.Исабековтың, Ә.Рахимовтың және Ж.Әлмашұлының пьесалары ғана сахнаға қойылып көрерменге жетті. Қалғандары архив сөресінде шаң басқандай күй кешуде.
Алысқа бармай-ақ, өткен 2015 жылдың өзінде қазақ драматургиясына қатысты республикалық, халықаралық деңгейде 4 бірдей маңызды бәйге өткенін білеміз. Олар қазақ драматургтерінің белсенді жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасады.
Алдымен, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен «Еуразиялық топтың» (ERG) 100 жылдық мерейтойына орай белгілі түрк драматургі Халдун Танер жылы болып белгіленіп, Түркі халықтарының драматургтері арасында осы мерейтойға арналған үздік пьесаға бәйге жарияланды. Комиссия қоржынына түркі әлемінің 18 ұлтының өкілдері жазған 109 пьеса келіп түскен. Соның ішінде қазақстандық жазушы-драматургтер тарапынан бәйгеге 16 пьеса қосылған екен. Халдун Танер жылы Анкарада, ТҮРКСОЙ штаб-квартирасында 2015 жылдың 8 желтоқсанда қорытындыланып, Башқұрстан (РФ), Әзірбайжан, Гагаузия, Түркменстан және Қазақстан авторлары жеңімпаз атанды. Жерлесіміз режиссер-драматург Әкрам Ахметовтың ұйғыр тілінде жазылған «Махмұт Қашқари» пьесасы 10 мың түрік лира сыйақысымен екінші орынды иеленді. [6]
Екіншіден, Қазақстан Жазушылар одағы «Еуразиялық топтың» (ERG) демеушілігімен ҚР Тұңғыш Президент қорының өткізген «Алтын тобылғы» бәйгесі[7]. Мұнда жас драматург Әннәс Бағдат «Бақтан өткенде» пьесасымен жеңімпаз атанды. Бұл пьесаны қазір Астана мен Алматының екі кәсіби театры қоюға жоспарына енгізіп отыр.
Үшіншіден, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жылда өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Тәуелсіздік толғауы» бәйгесіне өткен жылы 20-ға жуық пьеса қатысып, арнайы комиссия отырысының шешімімен белгілі қаламгерлер Жолтай Әлмішұлының «Шамда сөнген шырақ» немесе «Әл Фараби арманы» және Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Мұстафа Шоқай» драмасы үздік атанып жүлделі орындардан көрінді.
Төртіншіден, 2015 жылы қазақ драматургиясында, ұлттық әдебиетті қолдау мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алаш тарихының ақиқаты» атты жабық бәйгесі жарияланып, проза, поэзия, драматургия жанрлары бойынша еліміздің түпкір-түпкірінен 200-дей шығарма келіп түсіпті[8]. Драматургия секілді күрделі жанрда қаламы әбден ысылған қазақ театрының тұрақты авторларын көреміз. Бас жүлде – Иранбек Оразбаев (Алматы). 1-орын – Рақымжан Отарбаев (Атырау). 2-орын – Сұлтанәлі Балғабаев (Алматы), Думан Рамазан (Астана), Жолтай Әлмештегі (Астана). 3-орын – Нұрғали Ораз (Алматы), Кенжебай Ахмет (Жезқазған), Жәркен Бөдеш (Алматы), Мағира Қожахметоваларға (Алматы) бұйырды [9].
Жанрлық шеңбері жыр-шежіреден бастап драмалық поэма, кең тынысты тарихи полотноға ұласатын, заманауи лирика мен мистикалық драмаға ауыз артатын алуан бағыттағы шығармаларды біріктірген пьесалар. Бұл пьесаларының кейіпкерлер галереясы, сандық, сапалық тұрғыда өсіп, жаңара түскен. Халыққа бұған дейін хрестоматиялық ұғымдай болып кеңінен танылған үш жүзді біріктірген Абылай ханнан, күллі қазақтың ақылман кемеңгерлері бола білген Төле, Қазбек, Әйтеке билерінен бөлек, мемлекеттің іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек сұлтандар, жолы ескіден келе жатқан Еңсегей бойлы Есім хан, Жиембет пен Марғасқа жыраулардың, Тәшкен билеушісі Тұрсын ханмен тайталасқан оңтүстіктің ел қамқоры болған Қанай датқа, Мұсабек батыр, Мәделіқожа ақынның, «Темір Нарком» атанған Жүргеновтің, батыр Бауыржан мен қайсар Мәншүктің, Шерхан Мұртаза мен ақиық ақын Мұқағалидың көркем де сом жасалған образдарымен толықты.
Жүлде алған пьесаларды біз жазылу бағыты мен көтерген мәселелеріне қарай шартты түрде бірнеше топқа бөлдік. Алдымен, көтерген тақырыбы мен сюжеті бұрыннан белгілі, алдыңғы буын қаламгерлер көтерген, бірақ драматургтер тарапынан қайта айналып соққан, өзіндік ой топшылаған туындыларға И.Оразбаевтың «Хан тұқымы» жыр-шежіресі және Жәркен Бөдештің «Шерата және Шынбала» драмалық поэмасын жатқызамыз. Екі шығарма да поэзияның тілімен өріліп, кейіпкер образдары кесек, тұлғалы етіп сипатталады. Қуатты да уытты ырғақта бір деммен оқылатын, пафосқа құрылған Иран Ғайыптың «Хан тұқымы» шығармасы осы күйінде музыкалы театр сахнасына – опера либреттосы болуға да әбден келеді.
Келесі топта Рақымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» тарихи драмасы, Думан Рамазан «Аңсар» пьесасы, Жолтай Әлмештегінің «Мырзабидің жазасы» тарихи драмасы, Кенжебай Ахметтің «Еңсегей бойлы ер Есім» тарихи драмасы, Мағира Қожахметованың «...Азат Алаш – Даңқты Алаш!» драмалары қазақ театры сахнасында бұрын қозғалмаған тарихи тақырыпты көтерген. Әр пьеса өткен тарихымыз бен ел жадында қалған тұлғалар өмірінен өзіндік қайталанбас полотнолар жасай алған. Мұнда қазақ хандығының қалыптасу, даму жолындағы көне тарихы мен ХХ ғасырдың 30-40 жылдар көріністері. Төңкерістен кейінгі өзге елдер қатарлы қазақ болып мәдениет пен өнер жасау, репрессияға ұрындырған зұлматты кез бен екінші дүние жүзілік соғысқа ұласқан ұрпақтың жүзін күйік шалған тарихи кезеңдер баяндалады.
Үшінші топқа Сұлтанәлі Балғабаевтың «Мәңгілік махаббат әні» музыкалық пьесасы бүгінгі күннің жастардың тұрмысы мен өмір салтын ашып суреттесе, Нұрғали Ораздың «Дөп дөңгелек дүние» мистикалық драмасында ақиық ақын Мұқағалидің о дүниелік болғаннан кейін араға жылдар салып өзі жүрген, қиялына шабыт берген жерге, көп өзгере қоймаған қоғамына қайта оралуы, адамдар арасындағы мәңгілік өлмейтін өзекті тақыптардан ой қозғайды.
Ал енді осы жазылған, бірақ қойылмаған пьесалар жайында ойланатын тұстар бар. Біздің ойымызша 2015 жылы өзекті болған бұл жаңа туындылар 2016 жылы халықаралық Универсиада ойындары мен ЭКСПО көлеңкесімен әрі қарай көмескілене береді. Қазақ хандығыың 550 жылдығы қорытындыланар жыл соңында република театрлары жеңімпаз атанған су жаңа пьесалардың сахнада тұсауын кесіп, репертуарын байытып жатса қандай ғанибет болар еді. Темірді қызған кезінде соққанға не жетсін. Думан Рамазанның сол 2015 жылы бірнеше театр сахнасына қойылып үлгерген «Керей - Жәнібегінен» басқасы биыл, келесі жылдары қойылады дегенге сенгім келеді. Бірақ күмәндімін. Биылғы жыл бітті, ештеңе қойылған жоқ, келесі жыл басқа басым бағыттар келеді. Жүлделі пьесаларын құшақтаған авторлар С.Жүнісовше «сорлы әкенің кейпінде» театрлар есігінен сығалап мәпелеп өсірген қызын (пьесасын) саудаға салуға мәжбүр күй кешеді. Ісімізде асығыстық, терең ойластырмаған шалалық, қандай нәтижесі боларын көре білмеген таяздық басым. Авторлардың жан айқайын түсінуге әбден болады. Бұл тек драма театрындағы жәй емес. Басқа салада да осындай олқылықтарымыз бар.
Республикада 3 опера және балет театрының екеуі тәуелсіздік кезде дүниеге келді. Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбектің «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Қазақтың классикалық музыкасы: бары мен жоғы» мақаласында келтірген деректерде «соңғы 25 жыл ішінде екі-ақ опера жазылды» - дей келе, «Ал, соңғы 15 жыл ішінде еліміздің композиторлары 18 балет жазды, бірақ біреуі де сахнаға қойылған жоқ» [10]. Міне біздегі опера театрлары бойынша статистика осындай.
Байқағанымыздай, драматургтеріміз бар, пьесалар жазуда, жүлде алған пьесалардан кенде емеспіз. Театрларымыз да толыққанды жұмыс істеуде десекте, режиссерлер қауымы, театр басшылары «пьеса жоқ» деуден танбай келеді. Мәселенің мәнісі неде?
Алдымен бүгінгі таңда еліміздің театрларын біріктіріп, бағыты айқын, көздеген мақсаты бар жүйелі жұмыс жасау кемдік етіп келеді. Республиканың 60-қа жуық театрлары әр түрлі мекемелерге бағынып, әр түрлі көздерден қаржыландырылатындықтан «әттеген-айларымыз» жетіп артылады. Театрларымызды бір орталықтан басқарып, республика кеңістігіндегі театрларға бір ізді көзқарас ұстаным жоқ. Театрлардың ресми мәртебесі – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, ал жұмыс істеу тәсілі – жекеменшік серіктестік секілді тәуелсіз. Театрлар пьесаны өздері жазып, өздері қабылдап, қаламақысын да өздері алып, сахнаға да өздері қояды. Жаңа қойылымды да өздері қабылдап, сыншы ретіндегі бағасын да өздері береді. Осының салдарынан театр кәсіби деңгейі ақсап, аяғы таптауырындыққа ұрынуға әкеліп соқты. Сырт көз пікір, сын айтылмайды, айылса да қабылданбайды, театр ешкімге тәуелді емес, толықтай тәуелсіздік.
Қазіргі қазақ театрының арнайы тағайындалатын Көркемдік жетекшісі, ұжымдасып қызмет атқаратын Көркемдік кеңесі бар. Кеңес мүшелері тізімі директордың бұйрығымен жасалады. Театрда қолбаланың қызметін атқаратын мұндай Кеңестің жұмысынан оң нәтиже күтудің өзі артық. Қойылым сапасының, репертуарлық саясаттың оң-терісін тура айтатын тәуелсіз сарапшылар мен театр сыншыларының орны үңірейіп бос тұр немесе, театр басшылығының айтқанына жығылатын өзіндік пікірі жоқ адамдармен толған. Талай театр фестивалінде қойылымдардың көркемдік сапасы төңірегінде театр сыншылары тарапынан сыни пікірлер айтылды. Нәтиже жоқ.
Осыдан үш-төрт жыл бұрын белгілі драматург Ә.Тарази «Айқын» газетінде театр өнерін жандандыру қажеттігін айтып мәселе көтерді. Соған орай Елбасы театрларды нарыққа бейімдеу керек деген нақты тапсырма берді. Бұл театр қайраткерлері арасында қызу пікірталас, талқылаулар тудырды. Бүгінгі таңда театрларымыз бәсекеге қабілетті болу үшін белсенділік танытатын, өздерінің өнімдері – спектакльдерін әлемдік кеңістіктегі халықаралық театрлар фестиваліне апарып көрсететін деңгейге көріну. Оған мүмкіндіктер бар. Бірақ, бұл мүмкіндіктер орынды жүзеге асыру жүйесі жұмыс істемейді.
Жыл сайын театрларымыз репертуарын кем дегенде 4-6 спектакльдердің жаңа атаумен толықтырады. Алайда ол қойылымдардың сапасы сын көтермейді. Көрермен қабылдамай, шетелдік фестиваль ұйымдаструшы мамандар назарына ілікпей, мемлекеттің ақшасы босқа кетсе де не директор, не көркемдік жетекші, не режиссер жауап бермейтін жәйтке таң қалуға болмайды. Бұл іштегі және сырттағы театр компанияларымен бәсекелестікті дамыту, ел қатарлы қазақ театрының биік жетістіктерін әлемдік кеңістікке шығарудың жолы. Нарық заманында әрбір тиынын санап, басар қадамын әріден он ойланып барып жасайтын көзі қырағы заманауи театр менеджерінің дөңгелетіп алып кететін шаруашылығына қазақ театры аса зәру. Ойланарлық жәйт.
Драматург пьеса жазады, режиссер пьесаны қояды, актер орындайды, сыншы бағалайды. Әркім өзі маманданған кәсіби ісімен айналысады. Басты баға беруші қалың көрермен десекте, театр сыншысының кәсіби талдауынсыз спектаклдің көркемдік сапасын ажырату, тұщымды бағалау қиындық тудырады. Енді келіп кәсібіи театр өнерінің төрт тағаны болуға тиіс театр сынын бүгінгі қазақ театр процесінен шеттетілуі, көп жағдайда түсінбестікпен кейде әдейі қатыстырылмауы ұлт театрының алға қарай даму үдерісіне ықпал етпей қоймайтыны анық. Ол үдеріс дәл қазір жүріп те жатыр. Театрды, драматургияны, орындаушылық өнер мен озық режиссураны дөп басып көре білу, оның артық-кем тұстары жайлы айтып, жаза алатын мамандардың қызметінің қазақ театры үшін басы артық болуы ойлантады.
Тәуелсіз Қазақстан театрының жалпы саны 60-тан асады десек, драма театрларының жартысына жуығы қазақ театры да қалған жартысы өзге диаспоралардың ұлттар мен ұлыстардың театрлары. Бұл театрлар біртұтас қазақстандық мүддемен тыныстап, шығармашылық жұмыстарының басым бағытын ел ынтымағын біріктірер мүдделерге қызмет етуі керек деп білеміз. Сондықтан, қазақ авторларының сапалы деп танылған пьесаларынан кем дегенде маусымына бір шығарма аударылып қойылуы, немесе театр сол драматургтерге тапсырыс беріп, бүгінгі республиканың жұртшылығын толғандырған өзекті тақырыпта пьеса жаздырып қоюы күн тәртібіндегі мәселе. Республикалық барлық театрларда бір ортақ ұлтқа қызмет етуге бағытталған темірқазық мақсат-мүдде мен ұстанымды мәдениет саласындағы көзқарасты қалыптастыратын ресми мекемелер реттеуі тиіс.
Ойымызды қорытындылай келгенде, қаламгерлер дүниеге алып келетін қазақ драматургиясы кең қолданысқа енуі, сұранысқа ие болуы, оларға жан-жақтан арнайы тапсырыстардың көбейуі үшін ауқымды, кең ойластырылған арнайы жоспар қажет. Театрға, оның оң бағытта дамуы, Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай «осы заманғы тақырыптарға жазылған, көркемдік сапасы жоғары жаңа пьесаларды көптеп алу» үшін әлі біраз жұмыстар жасалынуы керек.
Кезінде театрларды жаңа пьесамен қамтамасыз етуді Мәдениет министрлігіндегі репертуарлық-редакциялық коллегия атқаратын. Кейін коллегия таратылды да жағдай ушығып кетті. Қазір жаңа пьесаларды қабылдауды театр жүзеге асырады. Бұл - театр өнерін де, драматургияны да алға бастырмайтын, болашағы күмәнды мәселе. Өйткені, мұндай жағдайда театрларға сапасыз шығармалардың қаптап келуі ешқашан тоқтамайды және сыбайлас жемқорлыққа жол ашыла береді. Сондықтан да кез-келген жаңа пьеса ең алдымен бейтарап сыншылар дың талдап-талқылауынан өтіп, кемшін тұстары жөнделіп, сахнаға содан кейін ғана шығуға тиіс. Осыған орай, Мәдениет министрлігінің Репертуарлық саясат жөніндегі басқармасының мүмкіндігі барынша күшейтілуі қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан құрылған Мәдени даму комитеті қазақ театрының дамуына серпіліс береді деген пікірдеміз. Осы ресми мекемелердің келешекте жасар жұмысына үлкен үміт артамыз.
Театрлардың шығармашық бет алысын, жетістік-кемшілігін дер кезінде анықтап, сараптама жасап, бағыт-бағдар беріп отыруды да жүйелі түрде қолға алу қажет. Театрлар қандай қойылымдар қойып жүр, олардың сапасы қай дәрежеде, көрермендердің ынта-ықласы қандай, оған жұмсалған шығын қаншалықты ақталды деген сияқты зерттеулер жасалып, мониторинг жүргізудің де ереже-шарттары жасалынса дейміз. Бұған бірінші кезекте М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институы мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының, Астанадағы Өнер университетінің театртанушы мамандары белсенді тартылуы керек.
Тәуелсіздікке үлкен асулар мен қиын бұралаңы мол жолдарды басып өтіп қол жеткізгендігі жайлы қазақ драматургиясы осы кезең аралығында талай шығармалар жазыпты. Халқымыздың өткен тарихынан алған жарақаты күні бүгінге дейін, тәуелсіздіктің 25–ші жылында да толық жазылды деп айта алмаймыз. Бірақ, қолда барына шүкіршіл, тәубешіл қазақ халқы «өткеніне құрметпен, болашаққа үмітпен қарайтын жаңғырған ұлт болуды» бүгінгі мен болашағының күн тәртібіне берік қоя алды. Ол өткен тарихының «жарақаты үшін кінəліні тірілердің арасынан іздемеуге» тырысады. Келешегіне үлкен үміт артқан қазақ халқы тәуелсіздіктің ширек ғасырын зор жетістіктермен келсе, одан әрі бұл жетістіктерін еселей түсуге да мүдделі. Қазақ халқының тәуелсіздігін баянды ету еліміз тыныштықта болуы, халқымыздың толереранттылығы, жерімізде бейбіт өмір салтанат құруы секілді құндылықтарды жүзеге асыру арқылы болмақ. Ұлттық драматургия осындай асқаралы жоспарларды театр өнері арқылы сахнадан жоғары деңгейде көрсете алады. Осыған сенейік, болашаққа үміт артайық.
Пайдаланылған әдебиеттер